Қажеттілігі жоғары әйелдерге қандай қолдау көрсетіледі?

9 Наурыз 2021, 11:59
1662
Бөлісу:
Қажеттілігі жоғары әйелдерге қандай қолдау көрсетіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Шырақ» ҮЕҰ директоры Ләззат Қалтаева «Ұрпақтар теңдігі - күнделікті өмірдегі әйелдер құқықтарын іске асыру» тақырыбында өткен брифингте айтты.

Қазір ерекше қажеттілігі бар әйелдер екі есе қиындыққа душар болып жатады. Әйел ретінде және мүмкіндігі шектеулі жан ретінде кедергілерге тап болады. Өкінішке қарай, мүгедектік гендерлік және феминизм тұрғысында айтылмай, әлеуметтік мәселеге жатқызылып келді. Біздің ұйым осы мәселеден бастады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды гендерлікке бөліп қарастыру бойынша жұмыс істедік, - деді ол.

Қалтаева айтқандай, Финляндия елшлігімен бірлесіп, желелілік жүйе ретінде жұмыс істей бастаған.

Біз зерттеу жүргізе бастадық. Бірнеше зерттеу жүргізген соң Орталық Азия желісіне ендік. Қазақстан бойынша 30 ұйым бізді қолдады. Ұлттық комиссия құрамына 2010 жылы кірдік. Осы уақыттан бастап біз комиссия атынан жұмыс істейміз. Әйелдердің мүгедектігі бойынша қоғамдағы таптаурынды бұзу бойынша және әйелдер арасынан көшбасшы дайындау бойынша оқыту жүргіздік. Біз бүгін көп көшбасшы әзірледік. Арамыздан шыққан 3 депутат бар, - деді Ләззат Қалтаева. 

Сондай-ақ ол 200-ден астам адам нәтиже көрсеткенін айтты. 

Олардың көбі өз саласында жетістікке жетті. Тұрмысқа шығып, бала сүйді. Біз бұл жобамызды Африкада да таныстырдық. Онда дайындаған көшбасшы өз өңірінің көшбасшысына айналып, бұл істі жалғастырды, - деді Қалтаева.
Өзгелердің жаңалығы