Қазгидромет екі қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады

20 Қазан 2020, 07:40
1229
Бөлісу:
Қазгидромет екі қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 20 қазан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Сейсенбі күні – Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал – бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы