Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысып, екпіні 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерінде тұман, күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. 21, 22 қазан күндері тәулік бойы Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшейеді.