Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Antikor» орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық мәселелері» тақырыбында өткен онлайн кездесу барысында Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Омар Азизуллах айтты.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес рейтингінде 37 балл алып, 180 елдің ішінде 94-орынға тұрақтауымен құттықтаймын. Бұл жақсы көрсеткіш. Бұдан Қазақстанның жемқорлықпен күрес саясатындағы дамуын байқауға болады. Жақында Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегиясын қарастыруға мүмкіндік туды. Стратегияда Қазақ елінің жемқорлықпен күресте өз ішінде ғана емес, әлемдік рейтингте де өте белсенді екені байқалады, - деді ол.
Елшінің айтуынша, Қазақстанның жемқорлықпен күрес жөніндегі стратегиясы үздік стратегиялардың бірі.
Жемқорлықпен күресте қадам жасау қиын. Алайда, қазір бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Келешекте Қазақстан тарапынан бұдан да жақсы көрсеткіштер болатынына сенімдімін, - деді ол.