Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы байланыстар министрлігінде Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов Мемлекеттік хатшының орынбасары Андраш Баранимен кездесіп, екі ел арасындағы вакцинациялау сертификаттарын/паспорттарын өзара тану туралы вербалды ноталармен алмасты.
Иммундау сертификаттарының болуы Covid-19 вирусының таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР тест және карантин) екі ел азаматтарының Қазақстан Республикасына және Мажарстанға кіруіне кепілдік береді.
Өзара мойындау шекараларды ашу және Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын жандандыру бойынша алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.
Осылайша, Мажарстан Қазақстандық вакцинация сертификаттарын/паспорттарын мойындайтын Еуропалық Одақтың алғашқы елі болды.