Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде ресімделе ме?

27 Қазан 2021, 09:50
33273
Бөлісу:
Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде ресімделе ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Қазақстанның сыртқы қарызы елдің барлық азаматтарының арасында бөлініп, әрбір кәмелетке толған адамға несие түрінде ресімделетіні туралы хабарлама таратылуда. 

Қаржы министрі осындай ұсыныс жасап, Мемлекет басшысы оны қолдаған екен. Бұл фейк.

Бұл ақпарат @qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунтында жарияланған. Бұл парақшада шынайы жаңалықтар таратылмайды. Парақшаның профилінде тек сатиралық контент пен Қазақстан туралы фейк-ньюс жарияланатыны жазылған. 

Президент көмекшісі Ерлан Қарин «елдің  сыртқы қарызын азаматтарға несие түрінде бөлуді елдің егемендігін сақтаудың жалғыз жолы» деген «жаңалық» та алдымен осы аккаунтта жарияланған.

Кеше бірден осы түсініксіз аккаунт пен оны таратқан бір «құқыққорғаушының» постының астында бұл жалған ақпарат екенін жазғанмын. Кәдімгі фейк. Аккаунттың өзі де ешқандай ақпарат агенттігі емес, бұндай жаңалық, мәлімдеме де болған емес. Бұл жәй әзіл, сатира деп ақталады, ал шындығында бұл таза араңдатушылық. Сондықтан бұл жалған ақпаратқа сеніп қалмаңыздар, - деді Ерлан Қарин.

Бұл ақпарат қазір әлеуметтік желілерде таратылуда, бірақ бұл әзіл ақпарат, сондықтан оған сенбеуіңіз керек. Сондай-ақ, елдің сыртқы қарызын азаматтарға несие түрінде 5% мөлшерлемемен беру туралы ақпарат та қалжың. Демек, еліміздің сыртқы қарызын азаматтар несие түрінде төлейді деген ақпаратқа сенудің қажеті жоқ, делінген stopfake.kz сайтында.

Өзгелердің жаңалығы