Қазақстанның сушылары марапатталды

6 Қараша 2020, 18:15
1256
Бөлісу:
Қазақстанның сушылары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қарамағындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорының қызметкерлері марапатталды. 

Аталған кәсіпорының 23 қызметкері Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғандар. 

Толқын Балпықов пен Жақыпбек Әбдіқасымға «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдары қайтыс болғаннан кейін берілді. Олар алғашқылардың қатарында Сардоба су қоймасының жарылысы салдарын жоюға аттанған болатын. Толқын Балпықов пен Жақыпбек Әбдіқасым бір айы бойы төтенше жағдай салдарымен күресті. Денсаулықтары нашарлап, коронавирустан қайтыс болды. Т. Балпықов су саласына өмірінің 27 жылын арнаса, Ж. Әбдіқасым салада 19 жыл қызмет етті. 

Аталған азаматтармен бірге оқиға орнына «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының басқа қызметкерлері де аттанған. 

Олар ТЖ салдарын жоюдағы табанды еңбек пен кәсібиліктері үшін «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерімен, грамота, алғыс хаттармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы