«Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын өткізу ұсынылды

11 Ақпан 2021, 13:06
3575
Бөлісу:
«Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын өткізу ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігі мен кітап оқу мәдениетін арттыруға бағытталған «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын өткізуді ұсынды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте хабарлады.

Осы жылы еліміздің елордада Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық кітапхананы ашу мәселесі заңнамалық және қаржылық тұрғыда пысықталатын болады.

Елімізде 11 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Оның 4 мыңға жуығы Мәдениет және спорт министрлігіне қарайды. Сондай-ақ үшеуі республикалық – Алматыдағы Ұлттық кітапхана, елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана және Зағип жандарға арналған республикалық кітапхана. Олардың шамамен 300-і балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана, - деді ол.

Министрлік «2021 жылды Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында көптеген шара жүзеге асырылады.

Министрлік биыл «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын өткізуді ұсынып отыр. Акция мақсаты - шығармашылық интеллигенция өкілдерін, мемлекет және қоғам қайраткерлерін, қазақстандық мәдениет пен спорт жұлдыздарын, жастар ұйымдары мен қоғам қайраткерлерін тарта отырып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігі мен кітап оқу мәдениетін арттыруға бағытталған түрлі шаралар өткізу, балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқу дәстүрін қолдау, - деп атап өтті вице-министр Дәуешов.

Акция аясында кітап оқу марафондарын, челлендждер, флешмобтар, book dating жазғы лагерьлер, дөңгелек үстелдер, театрландырылған қойылымдар, кітапханаларға кітаптар сыйға тарту және т.б. өткізу ұсынылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы