Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері тағылымдамадан өту үшін шетелге жіберіледі. Бұл туралы Мемлекеттік істер агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев айтты.
Корпоративті сектордың оң тәжірибесін табысты енгізу мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің халықаралық және жеке ұйымдардан тағылымдамадан өту жоспарланып отыр. Олардың білімі мен дағдыларын үздіксіз арттыру қамтамасыз етіледі. Бастамалар мен рационализаторлық ұсыныстарды көтермелеу тетіктері енгізіледі. Бұл мемлекетті қызмет пен корпортавиті мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді, - дейді төраға орынбасары.
Сонымен қатар ол трансформациялық көшбасшылар институты, оның ішінде жаңа формация басшысы бағдарламасы дамитын болады деп отыр.
Мемлекетті басқарудың жаңа моделі тиімді, әділ, ашық қоғам сұраныстарына ден қоятын, ең алдымен халық үніне құлақ асатын басты қағидаттар бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппарат құруға негізделеді. Мемлекет пен қоғам қатынасы төрешінің моделінен проактивті, сервистік және азаматтардың айтқанын еститін моделге көшу керек. Қазір 93 пайыз қызмет электронды нысанда көрсетіліп отыр. Сондай-ақ азаматтардан ақпараттық қызметтерді сұратуды жою мақсатында 6 түрлі қызмет тізілімнен алынып тасталады. Бұған 10 қызмет алынып тасталған еді, - деп хабарлады Дархан Жазықбаев.