Бүгін – десанттық шабуылдау әскерлерінің кәсіби мерекесі

6 Шілде 2021, 15:13
4348
Бөлісу:
Бүгін –  десанттық шабуылдау әскерлерінің кәсіби мерекесі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2000 жылғы 6 шілдеде ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ұтқыр күштер құрылып, кейіннен Аэроұтқыр әскерлері болып қайта аталды. 2017 жылы қазіргі заманғы құрылыммен Десанттық-шабуылдау әскерлері болып қайта ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрылған кезден бастап осы әскер тегіне генерал-майор Уәли Еламанов, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев, генерал-майор Әділбек Алдабергенов, генерал-майор Дәулет Оспанов, генерал-майор Алмаз Джумакеев, генерал-майор Қайдар Қарақұлов, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров басшылық етті. Бүгінде десанттық-шабуылдау әскерлерін генерал-майор Мереке Күшікбаев басқарады.

Қазіргі десанттық-шабуылдау әскерлері – бұл ұтқырлығы жоғары және соңғы үлгідегі техникамен жарақталған, жауынгерлік ретте де, негізгі күштерден алыста да, оның ішінде қарсылас тылында да міндеттерді орындауға қабілетті әскер тегі.

Бүгін –  десанттық шабуылдау әскерлерінің кәсіби мерекесі

Олардың жауынгерлік әлеуетін десанттық-шабуылдау, артиллериялық, шабуылдау, барлау, бітімгершілік құрамалары, бөлімдері мен бөлімшелері құрайды.

Десанттық-шабуылдау әскерлері бітімгершілік қызметті жүзеге асыруда зор үлес қосуда. 2003 – 2008 жылдары «Қазполктің» әскери қызметшілері Ирактағы бітімгершілік миссияға қатысты. 2018 жылдан бастап «Қазполктің» және «Тілендиев» бітімгершілік даярлық орталығының базасында «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» үшін қазақстандық контингентті даярлау жүзеге асырылуда,- делінген ақпаратта.         
Бүгін –  десанттық шабуылдау әскерлерінің кәсіби мерекесі

Десанттық-шабуылдау әскерлері барлық, оның ішінде халықаралық оқу-жаттығуларға белсенді қатысады. Армиялық халықаралық ойындар сайыстарында қол жеткізген көрсеткіштері жоғары.

Десантшы-жауынгерлер әрқашан жоғары даярлық деңгейін, кәсіби шеберлігін, қиын да күрделі міндеттерді орындауға қабілетті екенін көрсетуде.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етудің қай кезеңде болса да абырой-беделі асқақ. Бөлімдер мен бөлімшелерді жасақтау қатаң іріктеу арқылы жүргізіледі, ал мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің спорттық разряды бар және психологиялық тұрғыдан өте төзімді болып келеді.

 


Өзгелердің жаңалығы