Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі қызметінен босатылды

14 Қаңтар 2021, 09:20
1563
Бөлісу:
Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айгүл  Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы