Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде жеке тұлғалардың ақша аударымдар жүйесі арқылы жіберілген қаражат көлемі 544 млрд теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,9% артық. Бұл мәліметті ranking.kz жариялады.
Ақша аударымдар жүйесі арқылы алынған қаражат көлемі – 161,7 млрд теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% артық. Осылайша, халықтың шетелге жіберген ақшасы шетелден алынған қаражаттан 3,4 есе көп.
Қазақстаннан ақша аударымдар жүйесі арқылы жіберілген қаражаттың ең көп көлемі Өзбекстанға (151,3 млрд теңге), Түркияға (108,6 млрд теңге), Ресей (108,3 млрд теңге) және Қырғызстанға (87,7 млрд теңге) тиесілі. Сондай-ақ ақшаның едәуір көлемі Қытай (18,8 млрд теңге) мен Грузия (11,7 млрд теңге) үлесінде.
Шетелден алынған қаражат көлемі жіберілген ақшадан аз. Мұнда Ресей көш бастап тұр (34 млрд теңге). Кейін тізімде Өзбекстан (25,8 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (24,4 млрд теңге). Қырғызстаннан 18,8 млрд теңге, Түркиядан 6,6 млрд теңге алынған. Сондай-ақ айтарлықтай қаражат АҚШ (18,1 млрд теңге) және Германияға (10,6 млрд теңге) жіберілген.
Ақша ең көп аударылған елдердің қатарына Өзбекстан, Түркия, Ресей және Қырғызстан енді. Оларға аударылған қаражат көлемі – 83,8%. Айтарлықтай айырмашылық Түркияға тиесілі, бұл елге алынған қаражаттан 16,4 есе көп ақша жіберілген. Кейін тізімде Өзбекстан тұр: алынған қаражаттан 5,9 есе көп ақша аударылған. Қырғызстандағы айырмашылық – 4,7 есе.