Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын Бейжіңнен тікелей тасымалдады.
Бұл туралы Air Astana-ның корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.1 миллион дозаны жеткізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «СК-Фармация» тапсырыс берген екі рейс бойынша жүзеге асырылуда.
Алғашқы бөлігі KC268 рейсімен бүгін Алматыға Boeing 767 жартылай жүк ұшағында сағат 12:30-да келді. Екінші рейс ертеңге, 11 тамыз 13:20-ға жоспарланды. Жалпы салмағы 20 тонналық медициналық жүк 72 сағат ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін 2°С-тан 8°С-қа дейінгі температуралық режимді сақтайтын термоконтейнерлерде тасымалданады.
Air Astana денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп, қазақстандықтарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың кең спектрін ұсынуға тырысады. Жаппай вакцинацияның арқасында Қазақстан жақында ұжымдық иммунитетіне қол жеткізіп, елдегі аурушаңдық көрсеткіші айтарлықтай төмендейтініне үміттенеміз, - деді Air Astana-ның жүк тасымалы жөніндегі басқарушы директоры Жанна Шаяхметова.
2020 жылдан бастап Air Astana жаһандық коронавирустық пандемиямен күресу үшін 1700 тоннадан астам медициналық жүк тасымалдады. Бұл дәрі-дәрмектер, оттегі шоғырлағыштары, ӨЖЖ аппараттары, жеке қорғаныс құралдары және т.б.