Қазақстандықтарға емханаларда 215 млн-ға жуық қызмет көрсетілді – Төкежанов

20 Қаңтар 2021, 17:25
1559
Бөлісу:
Қазақстандықтарға емханаларда 215 млн-ға жуық қызмет көрсетілді – Төкежанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов осылай деді.

Өткен жылы амбулаториялық деңгейде халыққа 215 млн-ға жуық қызмет көрсетілді. 110 миллион қабылдау, оның ішінде 33 миллионға жуық бейінді мамандардың қабылдауы, 65 млн зертханалық диагностика қызметі, шамамен 28 млн процедура мен манипуляция, 11 млн диагностикалық қызмет, оның ішінде 454 мың КТ / МРТ, 2,8 млн УДЗ, 13,5 мың ПЭТ диагностикасы кіреді. Емханалар арқылы көрсетілген барлық консультациялық-диагностикалық қызметтің негізгі бөлігі медициналық сақтандыру есебінен төленген, - деді ол.

2020 жылы күндізгі стационарға 1 млн-нан астам адам жатып емделген, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 508 мың және МӘМС жүйесінде - 578 мың емдеуге жатқызу (әлеуметтік мәні бар ауруларды есепке алмағанда.

2,7 млн-ға жуық пациент тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда (әлеуметтік мәні бар ауруларды есепке алмағанда) ем алды. Ауруханаға жатқызудың жалпы құрылымында  шұғыл көмек 62%-ды құраса да, шұғыл госпитализация жағдайлары айтарлықтай төмендегенін атап өткен жөн. Жоспарлы емге қолжетімділік те артты: пациенттердің 86% бір күннен он күнге дейінгі мерзімде стационарларға орналастырылды және тек 5%-ы 30 күннен астам уақыт күтті. 2019 жылы бір айдан астам уақыт ауруханаға жатқызуды күткен пациенттер саны 12% жеткен болатын, – деді Қор басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Болат Төкежанов 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған ӘМСҚ алдында тұрған міндеттеріне тоқталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы