Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты

25 Қазан 2021, 10:16
68212
Бөлісу:
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңгеден астам қаржы жинақталған.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,7 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім – 4%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 349,5 млрд теңге (өсім – 16%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңгеге жетті, - делінген хабарламада.

Биыл тоғыз айда БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда көбірек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,2 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 439,5 млрд теңгеге немесе 57% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,7% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, ол 917,4 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсім - 24%), МКЗЖ бойынша 41,2 млрд теңге (өсім 17%), 496 млн теңге (өсім 41%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қазанына дейін 1 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл жемісті болған өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті, нақтырақ айтқанда, 1% немесе 7 млрд теңгеге артық. Ұлттық банктің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 8,89%, ал инфляция 6,2% құрады. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кірістілік – 10,08% , осы кезеңдегі инфляция – 8,9% көрсетті, - делінген хабарламада.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11,7 млн бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 909 456 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 534 067 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 54 013 бірлік болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ), оның көлемі – 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 млрд теңге, шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 29,1 млрд теңге, жерлеуге – 4,0 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 1,6 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 525 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.



Өзгелердің жаңалығы