Қазақстандықтар вакцинацияға eGov арқылы жазыла алады

7 Сәуір 2021, 19:00
1383
Бөлісу:
Қазақстандықтар вакцинацияға eGov арқылы жазыла алады
 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

8 сәуірде Денсаулық сақтау министрлігі электрондық үкімет порталында (eGov) вакцинацияға жазылу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Ол үшін азамат электрондық үкімет порталына тіркеліп, өтінім беруі керек. Онда тек тіркеу аймағы бойынша медициналық ұйымды көрсету қажет, содан кейін өтінім медициналық ұйымда тарату мен қарауға түседі, - деп түсіндірді Цой.

 

Оның айтуынша, медициналық ұйымдар вакцинация уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөледі. Таратылғаннан кейін азамат электрондық үкімет порталында медициналық ұйымға баратын күнін, уақытын көреді, сондай-ақ қосымша SMS алады. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният министр Цойдың қашан екпе салдыратынын айтқан болатын.

   
Өзгелердің жаңалығы