Нұр-Сұлтар, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен Америкалық кардиология қауымдастығы (American Heart Association) ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандум аясында қос тарап ҚР халқының жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету мақсатында бірлесе бағдарламалар мен жобалар іске асырады.Меморандум мақсаты – еліміздегі жедел жәрдем медициналық қызметтің сапасын көтеру. Өздеріңізге мәлім соңғы жылдары жедел жәрдем саласында біраз шаралар атқардық. Көліктерді бірыңғай стандартқа әкелдік. Ішіне gps, басқа да құрал-жабдықтар енгіздік. Әріптестерімізді жаңа стандарттар бойынша оқыта бастадық. Америкалық кадиология қауымдастығы ең белгілі Basic life support (BLS) халықаралық стандартын шығарды. Дүние жүзінде осы стандарт енгізіледі. Оны елде енгізу үшін Ұлттық шұғыл кординация орталығы негізінде 2-3 күн ішінде инструкторларды дайындадық. Олар өңірлерге барып басқа да мамандарға үйретеді. Әр адам көшеде осындай жағдай болып қалса шұғыл медициналық көмек көрсете алатындай болуы қажет. Елімізде медицина қызметкерлері ғана емес, полиция қызметкерлері, әскерилер, мұғалімдер де осы алғашқы көмекті көрсете алуы тиіс, - деді денсаулық сақтау министрі.Қазіргі таңда шұғыл медициналық көмек қызметкерлерн шұғыл көмек көрсету бойынша әлемде танылған стандарттарды оқыту қажет. Бұл меморандум ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен Америкалық кардиология қауымдастығы халықпен және әлеуметтік салада жұмыс істейтін тұлғалармен (дәрігерлер, полиция, білім беру қызметкерлері), сондай-ақ клиникалық дәлелденген әдістерді қолдану әдістемесі мен принциптерін әзірлейтін институттармен ынтымақтастықты көздейді.
Бүгіннің өзінде ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен Америка кардиология қауымдастығының (АНА) осы бағыттағы ынтымақтастығының бірінші кезең нәтижелерінің бірі базалық және кеңейтілген реанимация стандарттарына шұғыл қызметтер үшін жаттықтырушыларды оқыту болды.
Америка кардиология қауымдастығының Еуропа және Африкадағы өңірлік директоры Гленн М. Ванден Хаутен мырза және ҚР денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов меморандумға қол қойды.
Тараптар осы ынтымақтастық пен атқарылып жатқан жұмыстар Қазақстан халқының емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітім деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға, сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибеге негізделген шұғыл қызметтер қызметкерлерінің білім беру жүйесін құру үшін берік іргетас қалауға мүмкіндік беретініне сенім білдіреді.