Қазақстандықтар қай елдерден жылжымайтын мүлікті көбірек сатып алады

23 Мамыр 2021, 18:17
3861
Бөлісу:
Қазақстандықтар қай елдерден жылжымайтын мүлікті көбірек сатып алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекаралардың жабылуына және әлемдік пандемияға қарамастан, қазақстандықтар шетелден тұрғын үй сатып алуды жалғастыруда. Ел тұрғындары көбінесе климаты жылы, теңіз жағасындағы елдерді таңдайды екен.

Коронавирустық пандемия және шекаралардың жабылуы қазақстандықтар арасында шетелден жылжымайтын мүлік сатып алуға кедергі болмады. Шетелдік жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Динара Біләлова отандастарымыз қай елдерден пәтер сатып алуға қызығаты жөнінде айтты, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, негізінен қазақстандықтар тұрғын үйді жылдың суық мезгілінде өздері тұруы үшін  сатып алса, кейбірі жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде қарайды. 

Қазір көптеген азамат қаражатты депозит немесе банкте ұстағанға қарағанда, инвестицияны тұрғын үйге салуды жөн көреді. Себебі тұрғын үй бағасы жыл сайын өседі немесе бір деңгейде тұрады, бірақ арзандамайды, – дейді сарапшы.

Қазақстандықтар 2021 жылы шетелде баспана сатып алатын ең танымал 5 елдің қатарында:

1. Түркия (көптеген жыл бойы рейтингтің басында тұр),

2. Солтүстік Кипр,

3. Испания / Италия,

4. Германия,

5. Португалия.

Сондай-ақ, Динара Біләлова пандемия кезінде, яғни соңғы екі жылда шетелден баспана сатып алғысы келетіндердің саны артқанын айтады.

Сонымен қатар қазір ірі компаниялар клиенттер үшін тұрғын үйді онлайн-іріктеу сервисін қарастырып отыр, бұл сатып алу процесін жеңілдетеді.

Динара қазақстандықтар өмір сүру үшін барлық қажетті инфрақұрылымы бар ірі тұрғын үй кешендерін құп көретіндерін айтты. Сондай-ақ, олар отбасымен тұру үшін жеке виллаларды да қарастырады екен.




Өзгелердің жаңалығы