Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 142 млрд-тан аса соманы қайтарды

28 Мамыр 2021, 22:06
3132
Бөлісу:
Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 142 млрд-тан аса соманы қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 141,3 млрд теңге қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

27 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 292 520 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 1,4 трлн теңге аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 4,7 млн теңгеден аса соманы құрады.

Салымшылар жалпы сомасы 142,7 млрд теңгеге 40 718 өтінішті (тұрғын үй/емделу) қайтарды.

Орындалған өтініштердің ең көбі Маңғыстау облысының (16,7%), Алматы қаласының (16,4%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,0%) тұрғындары тарапынан жолданған.

Уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 141,3 млрд теңге қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған, - делінген хабарламада.
БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 10 013 өтініш келіп түсті, оның ішінде шамамен 6,4 млрд теңгеге 6626 өтініш орындалды, орташа сомасы – шамамен 1 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 1,4 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.
Жалпы алғанда, салымшылар жалпы сомасы 142,7 млрд теңгеге 40 718 өтінішті (тұрғын үй/емделу) қайтарды. Осыған орай, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару, инвестициялық табыс пен мемлекет кепілдігін жоғалту, сондай-ақ, ЖТС-ты мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшін салымшыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жауапкершілікпен әрі мұқият жоспарлауды ұсынамыз. Зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін өтінім бергенге дейін мұқият зерделеп, оларды уәкілетті операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы