Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы қазақстандықтарда 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады.
Күнтізбе бес күндік жұмыс немесе оқу аптасы бойынша жасалды.
2022 жылы болатын ең ұзақ демалыстар:
қаңтарда - Жаңа жылда 4 күн;
наурызда - Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн және Наурыз мейрамында 5 күн;
мамырда - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн;
желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады.
7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан үш күн қатарынан демаламыз. Ал Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.