Токио-2020: Қазақстандық телеарналар Олимпиада ойындарын трансляциялау құқығына ие болды

21 Шілде 2021, 23:49
2532
Бөлісу:
Токио-2020: Қазақстандық телеарналар Олимпиада ойындарын трансляциялау құқығына ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өтетін Олимпиада-2020 қазақстандық телеарналарда тікелей эфирде көрсетілетін болды. Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды.

Отандық телеарналар телетрансляция құқығын сатып алу туралы келісімге келген. Енді Олимпиада ойындары Qazsport, Qazaqstan және «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі.

Бұған дейін Олимпиада ойындарын трансляциялаудың құқық иесі Қазақстаннан өте үлкен сома сұрағаны хабарланған еді.

Айта кетейік, Олимпиада-2020 биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.


Өзгелердің жаңалығы