Қазақстандық стритлифтингтен Еуропа чемпионатында үш алтын жеңіп алды

17 Желтоқсан 2019, 13:28
4098
Бөлісу:
Қазақстандық стритлифтингтен Еуропа чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-15 желтоқсанда стритлифтингтен өткен Еуропа чемпионатында ақтаулық спортшы Ильдар Ягъяев үш алтын мен бір қола медаль жеңіп алды.  

Стритлифтингтен Еуропа чемпионаты Мәскеуде өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Украина, Чехия, Эстония, Алжир, Бельгия, Италия, Польша, Испания және Ұлыбританиядан келген 195 спортшы қатысты.

Қазақстан намысын 7 спортшы қорғады. Олардың арасында ақтаулық Ильдар Ягъяев 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол алғашқы алтынды классикалық стритлифтинг бойынша жеңіп алды. Спортшы қоссырықта кеудені жерден көтеру мен белтемірге тартылудан жеңімпаз атанды.

Ильдар Ягъяев Германия мен Украинада өтетін екі әлем чемпионатына баруды жоспарлап отыр.
Өзгелердің жаңалығы