Қазақстандық спортшы қарсыласын екі минутта нокаутқа түсірді

17 Мамыр 2021, 09:24
1557
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы қарсыласын екі минутта нокаутқа түсірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мамырда Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) қазақстандық спортшы Николай Веретенников (8-3) пен америкалық Энтони Айви (6-4) арасында Fury Fighting лигасының чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды  Sports.kz.

Жекпе-жек Fury FC 46 турнирінің көшін бастап, жартылай орта салмақта өтті. Жекпе-жек жоспарланған мерзімге дейін созылмады. Веретенников бірінші раундтың 2:00 уақытында қарсыласын нокаутқа жіберді. 

Осылайша, Николай ММА-да тоғызыншы жеңіске жетті, ал Айви мансабында бесінші жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, турнирге UFC президенті Дана Уайт қатысты. Айви бұған дейін оның промоушенінде өнер көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бұл жекпе-жекке қатарынан жеті жеңістен кейін келіп отыр.

Ол соңғы жекпе-жегінде төрешілердің бірауыздан жасаған шешімі бойынша Стивен Джонсты (8-2) жеңген болатын.




Өзгелердің жаңалығы