Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қарулы Күштері парашюттік дайындық орталығының әскери қызметшілері «Десанттық взвод» конкурсының «Дәлдікке секіру» дисциплинасында күміс жүлде иеленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ресей Федерациясының Псков облысында өтіп жатқан «Десанттық взвод» конкурсының аса қиын кезеңдерінің бірі, десантшылардың дәлдікке жеке секіру сынағы болды. Секірулер «қанат» классификациясындағы басқарылатын сериялық парашюттік жүйелерімен жасалынды. Аталмыш кезеңде 21 елдің десантшы-парашютистері тартысқа түсті.
«Парашютпен дәлдікке секіру Ми-8 тікұшақтарынан 1200-1300 метр биіктіктен орындалды. Олардың секіру интервалдары үш секундті құрап, еркін қалықтау жағдайында да үш секундтан кем болмауы тиіс болатын. Ереже бойынша парашютисттер әскери киім үлгіде, қару-жарақпен және десантшылар шлемінде болуы тиісті. Жерге қону барысында диаметрі 10 метрді құрайтын қызыл шеңберге аяқтарын тигізуі қажет еді. Нәтижені есептеу щеңбердің ортасында орналысқан қызыл жастықшадан жүргізіліп отырды. Әр елден үш десантшы секіріп, олардың щеңбер ортасынан ауытқыған қашықтық соммасы бойынша жеңімпаздар анықталды», - делінген таратылған ақпаратта.
Осы кезеңнің нәтижесінде Қазақстандық десантшылар екінші орынды иеленді. Олар Беларусь Республикасы десантшыларынан 50 сантиметрге ғана ұтылды, үшінші орынды Марокко елінің әскерилері иеленді. Қазақстандық десантшылар арасында үздік нәтижені майор Вячеслав Лопарев көрсетті. Ол шеңбердің дәл ортасына қонып, барлығын таң қалдырды.
Қазақстандық команданың нұсқаушы-парашютисті майор Азамат Абдірайымның айтуы бойынша сайыс кезінде оларға басқа парашюттер берілген.
«Қазақстандың парашютистер сайыстың осы кезеңіне 7 секциялық парашюттік жүйесімен дайындалған болатын, алайда осы жерге келгенде төрешілер коллегиясы біздің парашюттерді спорттық деп танып, өздерінің 9 секциялы Арбалет-2 парашюттік жүйесін ұсынды. Алайда соған қарамастан, таныстық секірулерді жасамай ақ, бейтаныс парашюттермен біздің жігіттер жақсы нәтиже көрсете білді», - деді Қазақстандық команданың нұсқаушы-парашютисті майор Азамат Абдірайым.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық әскери қызметшілер 3-17 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Псков облысында Халықаралық армиялық ойындарға қатысуда.