Қазақстандық Facebook қолданушыларының 3 миллионнан астам дерегі желіге тарап кетті

4 Сәуір 2021, 17:43
2273
Бөлісу:
Қазақстандық Facebook қолданушыларының 3 миллионнан астам дерегі желіге тарап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын зерттеу шеңберінде «ГТС» АҚ KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Facebook әлеуметтік желісінің 3 миллионнан астам қазақстандық пайдаланушысының деректері тарағанын анықтады.

Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі әлемнің 106 елінен 533 миллионнан астам Facebook әлеуметтік желісі пайдаланушыларының мәліметтер базасын жариялады.

Зерттелген материалдарға сәйкес, Қазақстанның 3 214 990 пайдаланушысының жеке деректері, атап айтқанда аты-жөні, телефон нөмірі, тұратын елі/қаласы, жұмыс және оқу орны және т.б. көрсетілген деректер желіге тарап кетті. Бұл жағдай салдары жеке деректер иелері үшін ауыр болуы мүмкін. Зиянкестердің құрбаны болудың көптеген қаупі бар. Мәселен жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты жария ету, бопсалау, банк картасынан қаражатты заңсыз шығару, жеке өмірге араласу, балаларға қауіп төндіруге дейін, мысалы, БАҚ-та олар оқитын мектептер туралы деректерді жариялаған жағдайда, - деді мамандар. 

Электрондық пошта мекенжайы сияқты ақпаратты компаниялар өздерінің жарнама берушілеріне бағыттау үшін пайдаланады. Сондықтан Компьютерлік инциденттерге жауап беру қызметі қазақстандықтарды әртүрлі хабарламалар мен қоңыраулар алу кезінде сақ болуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда дербес деректерді жинау және тарату «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заң негізінде жүзеге асырылады. Алайда ол шетелдік алаңдарға қолданылмайды. Сондықтан өз жеке деректерін сақтау және зиянкестер тарапынан қауіп-қатер тәуекелдерін барынша азайту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің отандық алаңдарын пайдалануды ұсынамыз.

KZ-CERT қызметінің әлеуметтік желілердегі дербес деректердің таралып кету тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі ұсыныстары:

- Facebook, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники және осы секілді әлеуметтік желілердегі парақшаларыңызды құпиялылық баптаулары, күрделі құпиясөзді қолдану, сондай-ақ көпфакторлы аутентификация арқылы қауіпсіз ету өте маңызды; 

- өзіңіздің негізгі пошта жәшігіңізді қорғауыңыз керек, атап айтқанда көпфакторлы аутентификацияны қосыңыз, барлық құпия сөзін өзгертіңіз. Көптеген есептік жазбаның «кілттері» сіздің поштаңызда сақталатындықтан, парольді қалпына келтіру процедурасы көбінесе дәл email-хабарламалар көмегімен жүзеге асырылады; 

- сенімсіз парольдерді пайдаланудан аулақ болыңыз. Әлсіз комбинациялар іс жүзінде ештеңеден қорғамайды; 

- әлеуметтік желілерде алаяқтар әртүрлі мақсаттарда пайдалануы мүмкін жеке деректерді, атап айтқанда төлқұжат деректерінің, банк карталарының және басқа да маңызды құжаттардың фотосуреттерін жарияламау.⠀

 

Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентінің құрбаны болсаңыз, 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе Telegram-чатқа өтініш жіберуге болады.

Өзгелердің жаңалығы