Қазақстандық білім беру технологияларының форумы өтеді

28 Маусым 2021, 15:08
1303
Бөлісу:
Қазақстандық білім беру технологияларының форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1-3 шілде аралығында жыл сайынғы Astana Finance Days аясында қазақстандық EdTech білім беру технологияларының форумы өтеді. EdTech форумы біздің өңірде білім беру сапасын қалай жақсартуға болатынын бірлесіп шешу үшін өз алаңында студенттерді, мұғалімдерді, ЖОО-ларды, мемлекет пен технологиялық компанияларды біріктіреді.

Биылғы форумның тақырыбы – «Transition to the Future» технологиялар мен инновациялар білім беру саласын қалай жақсартып, оны диджитализация саласына белсенді түрде дамытуға арналады. Үш күндік форум интерактивті сессияларды қамтиды. Яғни білім беру технологиялары саласындағы трендтер, баламалы білім беру мәселелері, цифрлық контентті дамыту, креативті экономиканың маңызы, серпінді edtech шешімдер және болашақ мамандықтар ұсынылады.

АХҚО Үздіксіз кәсіби дамыту бюросының бас атқарушы директордың м.а. Эльмира Обридің айтуынша, бұл - Қазақстандағы білім беру технологиялары саласына қатысты жан-жақты талқылауларды қамтитын үлкен іс-шарасы. Форум үш жылдағы жұмысы барысында әртүрлі аудиторияларды, яғни мектептерді, университеттерді, мемлекетті, технологиялық компанияларды және цифрлық білім беруді дамытуға тартылған, сонымен қатар өңірдегі білім беруді жақсартуға және бірге жақсы болашаққа келуге көмектесетін нақты іс-әрекеттерді, өнімдерді ұсынуға ұмтылатын серіктістіктерді біріктіретін көпір бола алды.

Дәстүр бойынша АХҚО бюросы түрлі тақырыптарда ашық талқылау ұйымдастырды. Атап айтқанда, болашақтың білім беру саласы, edtech білім беру трендтері, болашақтың дағдылары мен құзыреттері, цифрлық құралдар мен технологиялар, IPO-ға дайындық. Сонымен қатар бағдарламашылар, HR, білім беру компаниялары, мұғалімдер, маркетинг саласындағы мамандар үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Біз білім беру саласының барлық маманын іс-шараға қатысуға шақырамыз. Оған қоса, конференцияны өткізудің онлайн-форматының арқасында барлық шекаралар жойылуда, сіз әлемнің кез келген нүктесінен қатыса аласыз, - деп айтты Эльмира Обри.

Форум жұмысының бірінші күнінде медиа, data science және IT саласындағы жетекші сарапшылардан шеберлік сыныптары сериясы өтеді.

Форумның екінші күнін «Болашақтың біліміне көшудегі жетіспейтін орта» сессиясы ашады, талқылауға қатысушылар білім беру ландшафтын өзгертетін цифрлық әлемнің трендтерін, сондай-ақ болашақ білім беруге көшу кезінде жетіспейтін ортаны толтыруға арналған дағдылар мен құзыреттерді қарастырады.

Форумның маңызды іс-шараларының бірі IPO: Трансформациялық оқыту ақпараттық сессиясы болады. Бұл АХҚО Бюросының Болашақ университетінің білім беру бағдарламасы, ол компаниялар мен олардың қызметкерлерін IPO-ға дайындауға бағытталған. Ақпараттық сессия оқыту бағдарламасы мен негізгі модульдеріне арналады, сондай-ақ IPO-ны сәтті шығару үшін компания қызметкерлерінің әлеуетін арттырудың маңыздылығын талқылауға арналады.

Форумның үшінші қорытынды күні мектептегі білім беру жүйесінде, мұғалімдер, ата-аналар және білім беру органдарының өкілдерінің арасында диалог орнатуына бағытталады.

Өзгелердің жаңалығы