Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді, деп жазады Sports.kz.
Бұл әлем біріншілігінің басты айырмашылығы – жүлдегерлерге айтарлықтай ақшалай сыйақы берілуінде.
Өз тарихында алғаш рет AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) бірінші орын үшін боксшыға 100 мың доллар көлемінде сыйақы береді, – деп хабарлайды Aiba.com.
Күміс жүлдегер 50 мың АҚШ долларын, ал қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ долларынан алады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2 600 000 АҚШ долларын құрады.
Бұл біздің боксшылар үшін үлкен артықшылық болатынын білеміз. Олар рингте табысқа жетіп қана қоймай, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек, – деді AIBA президенті Умар Кремлев.