Қазақстандық боксшы коронавирус жұқтырғандықтан рингке шыға алмады

3 Сәуір 2021, 16:41
1858
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы коронавирус жұқтырғандықтан рингке шыға алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров коронавирус жұқтырып, шаршы алаңға шығудан шеттетілді. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды.

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулы үшін британдық Тайрон Маккеннамен жұдырықтасуы керек болатын.

Бүгінгі турнирде өкінішке орай өнер көрсете алмайтын болдым. Барлығы дүние жүзін жаулап тұрған короновирусқа байланысты. Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды, - дейді спортшы. 

Ол турнирге шығар алдында міндеттелген ПТР сынамасы тесті оң нәтиже көрсеткенін жазды.

Мені қонақ үй номерінде оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды. Бірақ ештеңеге қарамастан бөлме ішінде де скакалка секіру, жүгіру арқылы жаттығуды тоқтатпай өз формамды ұстап, бекітілген салмаққа жетіп, оқшауланған күйде номер ішінде салмақ өлшеу рәсімін өткіздік. COVID-19-ға қайтадан ПЦР өткізуді өтіндік. Өкінішке орай, бүгінгі нәтиже тағы да «оң» көрсетті. Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып, коронавирустың тез жұқпалы екенін ескере отырып турнирден шеттетілдім. Егер дәл осы диагноз болмағанда қазіргі жағдайыммен-ақ маған 3 раунд та жеткілікті еді... Бірақ амал қанша, барлығы бір Аллахтың қалауы, - деп жазды Жанқош Тұраров инстаграмда.


Боксшы халықты бүкіл әлемді дүрліктіріп тұрған дерттен аман болуға шақырды.

Ауырмаңыздар! - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы