Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әуе компаниялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдады.
Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша отандық әуе компаниялар 3 973 150 жолаушыны, оның ішінде ішкі желілерде 3 488 675 және халықаралық желілерде 484 475 жолаушыны тасымалдады.
Бір жыл бұрын, COVID-19 пандемиясына байланысты жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі байқалды, осылайша 2020 жылдың 12 айында отандық әуе компаниялар 5 260 014 жолаушыны тасымалдады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27%-ға төмен.
Отандық әуе компаниялардың (Air Astana, Scat, Qazaq Air және FlyArystan) болжамдары бойынша ағымдағы жылдың соңына қарай жолаушылар ағынының жалпы саны 9 093 022-ге дейін өсуі тиіс, оның ішінде 2021 жылы Air Astana АҚ әуе компаниясы - 3 482 790 жолаушы, Scat АҚ әуе компаниясы - 1 569 410 жолаушы, Qazaq Air АҚ әуе компаниясы - 575 996 және нарыққа жақында кірген FlyArystan әуе компаниясы 3 464 826 жолаушыларды тасымалдау жоспарлануда. Осылайша биыл жолаушылар ағынының саны 2019 жылғы көрсеткіштен (7 227 127 жолаушы) асады деп күтілуде.
Жекелеген әуе компанияларда, атап айтқанда FlyArystan өткен ауыр жылға қарамастан, қызмет көрсетілген жолаушылар саны бойынша жыл сайынғы өсімді көрсетеді (2019 жылы - 700 233, 2020 жылы – 1 467 261 және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында – 1 379 400).