Қазақстанды белсенді азаматтық қоғамды дамытуда қолдауды жалғастырамыз – АҚШ елшілігі

30 Тамыз 2021, 19:40
3651
Бөлісу:
Қазақстанды белсенді азаматтық қоғамды дамытуда қолдауды жалғастырамыз – АҚШ елшілігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

Конституция күні құтты болсын! Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел ретінде АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын үнемі қолдап отырды. Құрама Штаттар өз Конституциясының негізгі қағидаларын ұстана отырып, «жетілдірілген одақ» болуға тырысады. Сол сияқты біз Қазақстанды демократиялық реформаларында және белсенді азаматтық қоғамды дамытуда қолдауды жалғастыратын боламыз, - делінген хабарламада.

Елшілік екі ел арасындағы 30 жылдық серіктестік Қазақстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздікке, дамуға, өркендеуге және негізгі бостандықтарға негізделгенін және алдағы жылдары осы байланыстардың нығаюын асыға күтетіндері туралы жазды.

Өзгелердің жаңалығы