Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

5 Тамыз 2021, 13:28
2459
Бөлісу:
Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың төрағалық етуімен Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелеріне арналған онлайн-конференция өтті. 

Шараға қазақстандық телеарналардың, жарнама сатушылардың, салалық қауымдастықтардың, зерттеу компанияларының өкілдері, сондай-ақ медиа-сала сарапшылары қатысты.

Кемелбек Ойшыбаев министрліктің қолдауымен өткен жылдан бері өткізіліп келе жатқан медиа өлшеу жүйесін жетілдіру жұмыстарының аралық қорытындысын шығарды.

Өлшеу панельдерінің интеграциялануының арқасында 2021 жылғы мамырда министрліктің сайтында онлайн-сервис іске қосылды. Онда кез келген адам нақты уақыт режимінде теле өлшемдердің жедел деректерімен таныса алады. Бір уақытта ауылдық елді мекендерді телеөлшеумен қамту мәселесі пысықталуда, - деді Ойшыбаев.

Сонымен қатар бірінші жартыжылдықта ҚР АҚДМ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Цифрлық өмір салты – DigitEL» ұлттық жобасын іске асырған көрінеді. Жоба бойынша «ауылдық елді мекендердің көрермендер аудиториясын медиа өлшемдер жүйесімен қамту үшін өлшеу панелінің болуы» көрсеткішін және оған сәйкес «ауылдық елді мекендердің көрермендер аудиториясын медиа өлшемдер жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру» іс-шарасын енгізу мәселесі пысықталған.

Іс-шара соңында Кемелбек Ойшыбаев конференцияның барлық қатысушысы бір нәтижеге бағытталғанын алға тартты. Оның айтуынша, елімізде медиа өлшеу жүйесінің қалай дамитынына барлығы бей-жай қарамайды.

Ол министрлік елдегі медиа өлшеу жүйесін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарға әрдайым ашық екенін еске салды.

Өзгелердің жаңалығы