Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері бірлескен мәлімдеме жасады.
Халықаралық әйелдер күнін Қазақстан халқымен бірге атап өту барысында әйелдер мен еркектердің әйел құқықтары, қадір-қасиеті мен теңдігін құрметтеуді қамтамасыз етудегі жетістіктерін атап өтудеміз. 2021 жылы Халықаралық әйелдер күні тақырыбы – «Көшбасшылықтағы әйелдер: COVID-19 әлемінде тең болашаққа қол жеткізу». Бұл әлемдегі және Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың әділ болашақты қалыптастыру және COVID-19 індетінен шығу жолындағы орасан зор күш-жігерін мадақтайды, - делінген хабарламада.
Әйелдер COVID-19 дағдарысы барысына медициналық қызметкерлер, қамқоршылар, жаңашылдар, қоғамдастық ұйымдастырушылар және пандемиямен күрестегі ең үлгілі және тиімді көшбасшылар ретінде танымал. Дағдарыс олардың қосқан үлесінің маңыздылығын да, әйелдер көтеретін пропорционалды емес ауыр жүктемені де айқындады.
Сонымен бірге COVID-19-ға қарсы күрес те әйелдер көшбасшылығының азаматтық қоғам шеңберінде күші мен тиімділігін көрсетті. Әйелдер ұйымдары, әсіресе қоғамдастық деңгейінде, маңызды қызметтер мен ақпарат ұсынудағы маңызды рөл атқаруда.
Биылғы Халықаралық әйелдер күні біз COVID-19 індетінен кейін әйелдер құқықтары мен көшбасшылығын нығайтуға үлкен мүмкіндік беретін «Теңдік буыны 2021» форумының шұғыл қажеттілігін атап өтеміз. Пандемиядан кейінгі қалпына келтіру – бұл тең өкілдікті қамтамасыз ету, қамқорлық пен әлеуметтік қорғау экономикасына үлкен қаражат салу, әйелдердің экономикалық тұрғыдан толық қамтылуындағы кедергілерді жою, барша салалардағы барлық дискриминациялық заңның күшін жою, төтенше жағдай жоспарын құру арқылы тең мүмкіндіктер ашу, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы отбасылық саясатты насихаттау және ең бастысы, ой-өрісті өзгерту, - делінген хабарламада.
Компанияларды басқаруда әйелдер өкілдіктерін арттыру және Мәжіліс пен мәслихаттарда гендерлік және жастар квоталарын енгізу секілді Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдер құқықтарын кеңейту бойынша Қазақстанның күш-жігерін құптайтындарын айтқан.
Қазақстан «Гендерлік зорлық-зомбылық» және «Экономикалық әділеттілік және құқықтар» атты екі іс-қимыл коалициясының мүшесі болуды жоспарлап, «Теңдік буыны» форумы үрдісіне белсенді қатысып отыр.
Алайда әйелдер жолында әлі де кедергілер кездесуде. Әйелдер құқықтарын насихаттау және пандемияға дайындық пен әрекет етудегі әйел көшбасшыларының әлеуетін толық пайдалану, барлық саладағы және барлық кезеңдегі саясат пен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде әйелдер мен қыздардың алуан түрлі көзқарастары ескерілуі тиіс, - делінген хабарламада.
БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі ешкімді артта қалдырмау ұранымен аталған бағытта Қазақстанға барынша қолдау көрсетуге дайын.