Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде Архивші күні меркесі 22 желтоқсанда аталып өтілетін болды. Бұл туралы Қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин қол қойды.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: «48. Архивші күні – 22 желтоқсан».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.