Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде Қырғыз Республикасының аумағынан келетін автокөлік құралдарын тексеру барысында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекеттері туралы бейнематериалдар таратылуда.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде тақырыптық салықтық тексеру жүргізуге қатысты бейнематериалдар бойынша келесі ақпаратты жеткізді.
Аталған факті бойынша МКК тәуекелді тасымалдаушыларға қатысты тәуекелдерді басқару жүйесі аясында Қазақстан Республикасының аумағында тақырыптық салықтық тексерулер жүргізілетінін хабарлайды. Тексеру тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделген тауарлардың нақты тасымалданатын жүкке сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.
Бұл ретте тексеру барысында жүргізушілер қораптарды/қаптарды ашуды дербес жүргізеді және Салық кодексіне сәйкес тексерілетін объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мәліметтерді салыстыруды ғана жүргізетініне назар аударамыз, осыған байланысты, бейне материалда көрсетілген қаптамаларды ашу тасымалдаушылардың жауапкершілігіне жатады.
Жалпы тексерулер Қырғыз Республикасынан тауарларды өткізу кезінде анықталған бұзушылықтардың көп болуына байланысты. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бастап тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде 1 121 тәуекелді автокөлік құралы тексерілді, 1 067 (95%) жағдайда мәлімделмеген тауар анықталды. Бұл ретте, Қырғыз Республикасының аумағынан кірген барлық автокөлік құралдарының тек 0,9%-ы ғана тексерілді, - деп толықтырды МКК-де.Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тауарды алу айыптауларына қатысты ақпарат та шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Өйткені тасымалданатын жүкті тексеру тасымалдаушының қатысуымен жүргізіледі, бұл тексеру жүргізудің толық ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдары жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату үшін сот органдарына талап-арыз дайындайды, - деді Мемлекеттік кірістер комитетінде.