Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

21 Желтоқсан 2020, 11:14
1550
Бөлісу:
Қазақстанда  «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді. 

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі. 

Қазақстанда  «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады, — деді Асқар Мамин.

Қазақстанда  «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

ҚР премьер-министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы