Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев «COVID-19 пандемиясы кезінде әділеттілікке қол жеткізу» тақырыбында өткен брифингте айтты.
Аслан Түкиев қазір істердің онлайн қаралуына халық үйренгенін айтты.
Түкиевтің айтуынша, қазір қоғамның қолжетімділігі үшін цифрлық сараптама мен жоспарлау жүйесі жасақталып жатыр.Қазір күніне 1-3 сот отырысына онлайн қатысуға болады. Сондықтан оның артықшылықтары көп. Бұл қаралатын істердің жылдамдығын да арттырды, - деді ол.
Жасанды интеллект нәтижесінде бұл IT-өнімдер халыққа сот істерінде қабылданатын шешімдердің логикасы мен болжауға мүмкіндік береді. Ол өңірде не болмаса республикадағы сот тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асырылады. Қазір осы жұмысты атқарып жатырмыз. Ол аяқталуға жақын. 2022 жылы халық ол өнімдерді қолдана алады, - деді Түкиев.
Оның айтуынша, бұл өнімдер тек халықтың ғана емес, соттарды оңтайландыруға да мүмкіндік береді.
Түкиев ол ақпаратқа қолжетімділікті арттыратынын айтты.