Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды

28 Қазан 2020, 14:40
542
Бөлісу:
Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан-Шортаңды» автомобиль жолында музыкалық шу жолақтарын орнатты. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтып өткен жөн.

Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды

Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді.

Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды

«Музыкалық жолдар» жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді, - делінген хабарламада.

Эксперименттің нәтижесі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу себебінен болатын жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің жинақталуына көмектеседі.


Өзгелердің жаңалығы