Қазақстанда қашан үй арзандауы мүмкін екені айтылды

2 Ақпан 2021, 14:03
5496
Бөлісу:
Қазақстанда қашан үй арзандауы мүмкін екені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ басқарма төрайымы Ибрагимова Ляззат ОКҚ-де өткен онлайн брифингте елімізде үйдің қашан арзандауы мүмкін екеніне болжам жасады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында кезекте тұрғандармен жұмыс істейміз және олар үшін әкімдіктер несиелік тұрғын үй құрылысын аяқтады. Тіркелген бағалары - бұл Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында бір шаршы метрге 220-240 мың теңге. Өңірлерде - 160-180 мың теңге. Бірақ бұл топ Зейнетақы жинақтарын алатын адамдар тобына сәйкес келмейді. Онда бірнеше жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрған адамдар бар. Зейнетақы жинақтарына қол жеткізе алатын және жоғары жалақы төленбейтін халықтың осы тобы үшін біз «Отбасы банкі» офтейк келісімшарты деп аталатын арнайы құрал дайындап жатырмыз, - деді ол.

Ибрагимованың сөзінше, қазір үш офтейк келісімшарт бар. 

Бұл Алматы қаласындағы екі құрылыс жобасы және Нұр-Сұлтан қаласындағы индустриялық үй құрылысымен айналысатын компания. Біз олармен ұзақ мерзімді оффтейк келісімшарт жасаймыз. Осы айдың ішінде 2022-2024 жылдарға арналған бір шаршы метрі 300-320 мың теңге болатын құрылыс жобалары туралы жаңалықты күтіңіздер, - деп түсіндірді «Отбасы банк» басшысы.

Сондай-ақ, Ляззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарының бір бөлігіне қазақстандықтар тұрғын үйді бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да сатып ала алатынын айтты. 

Бұл ретте құрылыс салушылардың құқық белгілейтін құжаттары болуы тиіс. Екінші нарық, әрине, сатушы нарығы. Тақырып өте өзекті болғандықтан адамдар қазір өз пәтерлерін алғысы келеді. Менің ойымша, жай ғана күту керек. Сәйкесінше нарық өзінің қазіргі жағдайына - сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына келеді, - деді ол.

Ибрагимованың мамыр немесе маусым айының ортасында қазір сатушы сұрайтын барлық бағаның өткен жылдың бағасына оралатынын болжамдады.


Өзгелердің жаңалығы