Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 15 786 шетел азаматы жұмыс істейді. Оларда жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бар.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде бірнеше санат бар. Бірінші санат – басшылар және олардың орынбасарлары (661 адам), екінші санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары (3 283 адам). Үшінші санаты – мамандар (7 619 адам), төртіншісі – білікті жұмысшылар (384 адам).
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 952 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 887 адам тартылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел азаматтарын жұмысқа алатын 1 801 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 485 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.
Еңбек мигранттары көбінесе Қытай (3 785 адам), Өзбекстан (1 982 адам), Түркия (1 443 адам), Үндістан (1 031 адам), Ұлыбритания (948 адам) елдерінен келеді.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады, – деп жазады ведомство.