Қазақстанда ДСП экспорты шектеледі

3 Қыркүйек 2021, 17:23
3764
Бөлісу:
Қазақстанда ДСП экспорты шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың басшылығымен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Онда инфляцияға қарсы әрекет ету және елдің ішкі экономикасын қолдау мақсатында дайын өнім өндіруге қажетті тауарлар мен шикізатты экспорттауға бірқатар тыйым салу туралы шешім қабылданды. 

Ет пен ет өнімдерінің ішкі нарықтағы бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ мал басын көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды түрлерін экспорттауға тыйым салуды ұзартты. 

Мұнымен қоса шикізаттың жетіспеушілігінен бүгінде еліміздегі картон және қағаз өнеркәсібі кәсіпорындары шикізат ретінде қайта өңделетін қағазды, картонды және макулатураны пайдаланады. Осыған байланысты ішкі нарықта шикізат тапшылығының алдын алу үшін Үкімет 6 айға осындай тауарларды елден әкетуге уақытша тыйым салады. Сондай-ақ Қазақстанда отандық жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі өндірушілерін қолдау мақсатында ДСП экспортын шектеу туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.

Ішкі нарықтағы тапшылықты жою және бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрінің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл тауарлардың экспортына тыйым салу бойынша шешімін ұзартты.

Өзгелердің жаңалығы