Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше модельдің бағасы 200 000 теңгеге жоғарылады, деп жазады kolesa.kz.
Мәселен, механикамен жұмыс істейтін 1,5 литрлік қозғалтқышы бар Nexia 4 миллион теңгеге сатылады. 2020 жылдың соңында дәл осы модель 3,8 миллион болған. Ал 6 сатылы автомат қорабы бар нұсқасының бағасы 4,7 миллион теңгеден 4,9 миллион теңгеге көтерілді.
Тағы бір танымал модель Chevrolet Cobalt та 200 000 теңгеге қымбаттады. Механикалық қорапты көлік (Comfort) қазір 4,4 миллион теңгеге бағаланып отыр. Ал Elegant жиынтығы үшін 5,5 миллион теңге төлеуіңіз керек. 2020 жылдың соңында мұндай «кобальттің» құны 5,2 млн болған.
Trailblazer бірден 500 мың теңгеге қымбаттады. Бұрын 15 миллионнан сатылған модельдің қазіргі бағасы 15,5 миллион теңге.