Қазақстанда «биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді – министр

1 Наурыз 2021, 11:06
5709
Бөлісу:
Қазақстанда «биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында 2021 жылы «биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленетінін айтты.

Төтенше жағдай кезінде қазіргі заманғы қорғаныс құралдарын енгізуді және олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыруды қоса алғанда, биологиялық қорғауды қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты 2021 жылы біз «биологиялық қауіпсіздік туралы» Заңды әзірлеуіміз керек, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Өз сөзінде Алексей Цой Ералы Тоғжановқа 2020 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту үшін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылғанын, сондай-ақ, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттіктері артқанын хабарлады.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, 2021 жылдың қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлер үшін жалақы арттырылды. 

Санэпидқызметтің кадрлық әлеуетін арттыру үшін қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесі жетілдірілуде. Еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында санитарлық-гигиеналық бейіндегі факультеттер қалпына келтірілді. Бұдан басқа, қызмет инфрақұрылымын жаңғырту және елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 55 млрд теңгеге 2022-2025 жылдарға арналған қосымша қажеттілік есебі жүргізілді. Қызметті цифрландыру тұжырымдамасы әзірленді, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Осы заңды іске асыру шеңберінде бақылау жүйесін жетілдіру үшін халық денсаулығының жай-күйін бағалау, талдау және болжау жүйесін дамыту, сондай-ақ қатерлер мен тәуекелдерге ден қою бөлігінде 38 НҚА-ға түзетулер енгізу көзделген, - деді ол.

Цойдың айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту үшін 2,9 млрд теңге сомасына 459 бірлік зертханалық жабдық және КВИ мен аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау үшін 12 мобильді кешен сатып алынды. 2022-2024 жылдар кезеңінде комитеттің аумақтық бөлімшелерінің 54 ғимаратына жөндеу жүргізіледі. 3 зертхананың жаңа ғимараттарын салу және Ұлттық сараптама орталығының 27 ғимаратын жөндеу жоспарланған. Комитеттің аумақтық бөлімшелері үшін 64 автокөлік сатып алынады.

Өзгелердің жаңалығы