Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде май мен қант қымбаттады Еліміздің бірқатар аймақтарында азық-түлік қымбаттады. Әсіресе, сұйық май мен қанттың құны шарықтап кеткен деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсімдік майының бағасы айналдырған екі-үш күнде литріне 100 теңгеге көтеріліпті. Қанттың келесіне 50-70 теңгеден қосылған. Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облысын да қымбатшылық қысып тұр.
Ақтөбеліктер азық-түлік бағасының күннен-күнге қымбаттап жатқанына қапалы. Өсімдік майының бір литрі бұлай бірден жүз теңгеге көтеріледі деп күтпеген. Бұрын базарда сұйық майдың бес литрі 2 жарым мың теңге тұрса, қазір ең арзаны 2800-3000 теңге. Оған қоса қанттың құны да шарықтады. Оның келесіне 30-50 теңгеден қосылған.
Бағасы қымбаттаған қантты Ақтөбеге сырттан жеткізгенімен, күнбағыс майы осы аймақта өндіріледі. Шенеуніктер қорды азық-түлікпен толтырдық деп отыр. Бастысы ел тамақтан тарықпайды дейді. Ал бағасына бас ауыртпайтын сияқты.
Отыз екі түрлі тауарды мониторингке алып отырмыз. Қазіргі күні барлығын апта сайын мониторинг жасаймыз. Онда қанша өнім бар, қанша күнге жетеді деген сияқты. Біздің есебіміз бойынша бүгінгі күнге бір жарым-екі айға жететін азық-түліктің қоры жеткілікті, - деді Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсемба
Оңтүстік аймақта да азық-түлік бағасы ұшып тұр. Мұнда да екі жарым мың теңгеден сатылып жатқан 5 литрлік сұйық майға бірден 500 теңге қосылған. Қанттың құны да қуантпайды, 70 теңгеге өсті. Ең қызығы жеміс-жидек пен көкөністің отаны саналған Шымкентте дәл осы өнімдердің бағасы өскен. 1
50 теңгеден сатылып жатқан картопқа 10 теңге қосылып, 160 болса, сәбіз 20 теңгеге қымбаттады. 100 теңге тұрған пияз да 120-дан сатылып жатыр.
Қазір бәрі алқаптан жинап алды да қоймада тұр. Сонымен қорықпайды қазір сатады жайлап.Біздің клиенттер шағым жасамайды. Өздері келіп үйреніп қалған. Қысқа алып жатыр 5 қап, 3 қап, 2 қап. Бізде тек қана сондай, - деді сатушы Сабыржан БектаевӨңірлер арасында қымбатшылықтың көкесі- Кереку мен Қарағандыда. Ол жақтағы тек сұйық май мен қанттың құнын бөліп айтар болсақ, сұйық май 200 теңгеге, қант 70-80 теңгеге қымбаттаған. Бұл қос тауарды негізінен еліміз көршілес Ресейден тасиды. Ол жақтағы баға қалай құбылса, бізге де солай әсер етеді дейді мамандар.
Қант Ресей Федерациясынан әкелінеді. Бағасы Ресей Федерациясының тауар өндірушілерінің өсіруімен байланысты, - деді Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Жамбыл СәлиевТауардың бағасы өсуде. Оған себеп шикізаттың өсуіне байланысты. Қай қаланың шенеуніктері болмасын бағаны тұрақтандыруға барын салып жатқандарын айтады. Бірақ онысы еш байқалмайды деп ашынады тұрғындар. Өзімізде өнім өндірілмей, көршіге телміргендіктен қымбатшылықты тоқтату әзір мүмкін болмай тұр.