КВИ мәртебесін анықтайтын Ashyq-тың баламасы пайда болды

20 Мамыр 2021, 14:01
4480
Бөлісу:
КВИ мәртебесін анықтайтын Ashyq-тың баламасы пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Ashyq мобильді қосымшасында бірқатар техникалық ақау пайда болып, жеке тұлғалар мәртебесін анықтау қиынға соғып жатыр. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.

Оның сөзінше, техникалық ақаулардың себептері анықталуда. Техникалық ақау жойылғанша, мобильді қосымшаны қолданушылар Aitu қосымшасын пайдалана алады. 

Бірнеше апта бұрын BTS компаниясы бізге Ashyq қосымшасын Aitu-ға интеграциялауды ұсынды. Біз келістік. Себебі біздің принципіміз - банк қосымшаларындағы мемлекеттік қызметтерді шығару сияқты мультиплатформалы тәсіл табу болды. Неге Aitu? Біріншіден, бұрын BTS мемлекетпен жұмыс істеп көрген. Яғни оларда деректердің қауіпсіздігін сақтауда жауапкершілік бар, сонымен қатар ақпаратты жарияламау туралы қол қойылған меморандумдары бар. Екіншіден, Ashyq сияқты Aitu-дың да құзырында республикалық ПТР базасындағы деректері болмайды. Олар тек ақпаратты «тартып», коронавирусқа қатысты мәртебені тексеріп береді. Қосымшаның ресми іске қосылуы кейінірек болуы керек еді. Дегенмен қазір Aitu-дағы Ashyq пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Демек, қосымшаның қызметтерін сынап көрудің сәті келген болар, - деп хабарлады Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. 

Aitu қосымшасындағы Ashyq қызметтерін мына сілтеме арқылы https://i2.app.link/OrbgU0JOdgb өтіп, қолдануға болады. Кейіннен Aitu қосымшасындағы «Приложения» бөлімінде «Ashyq» деген сөзді теріп, шыққан қосымшаны жүктейсіз. 
 

Айта кетейік, жақын арада Ashyq қызметтері басқа да мобильді алаңдарда қолжетімді болады.

Өзгелердің жаңалығы