Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды, сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде декларанттар мен кеден өкілдерінің кедендік декларацияларды қайда тапсыруға болатынын хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының штаттық кестесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 бұйрығына сәйкес мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
1) Алматы қаласы бойынша МКД:
- «Алмалы - КРО» кеден бекеті қысқартылды;
2) Ақмола облысы бойынша МКД:
- «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;
3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:
- «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды;
- «Морпорт» к/б «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды;
- «Құрық» кеден бекеті құрылды;
4) Түркістан облысы бойынша МКД:
- «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды.
Сонымен 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады.
Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда болатын басқа кеден бекетін таңдауға құқылы, - делінген хабарламада.