Қазақстанда 16,1 млн тонна астық бастырылды – АШМ

22 Қазан 2021, 21:13
17173
Бөлісу:
Қазақстанда 16,1 млн тонна астық бастырылды – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша, 15,8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 99,7% жиналды. Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 млн тонна өнім бастырылды, оның 11,8 млн тоннасы бидай, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Сондай – ақ 1,6 млн тонна майлы дақылдар, 3,8 млн тонна картоп, 4,6 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Негізгі астық егетін өңірлер - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 млн га жиналды, бұл олардың жалпы жинау алаңының 100% - ын құрайды. Орташа өнімділік 8,8 центрді құрап, 10,1 млн тонна бастырылды.   

Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі бекітілді. 2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша шілде-қазан айларының кестесіндегі 396,5 мың тоннаның 370,1 мың тоннасы (93%) тиелді, - делінген ақпаратта.

Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,4 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындары 12,8 млн тонна, ауыл шаруашылығы өндірушілері 16,6 млн тонна. 15 қазандағы жағдай бойынша 3,5 млн тонна астық сақтауға жөнелтілді.

Жалпы егін жинау болжанған  көлемде аяқталды. Жиналған дақыл сапасының жоғары көрсеткіштерін атап өткен жөн. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша қалған көлем қазан айының соңына дейін жиналады.


Өзгелердің жаңалығы