Жол саласындағы қызметтерде мамандар жетіспейді

28 Желтоқсан 2020, 23:06
1735
Бөлісу:
Жол саласындағы қызметтерде мамандар жетіспейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК 2020 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік материалдарының 27,4 мыңнан астам сынамасы алынғанын хабарлады.


Нормалар бойынша 6 мыңнан аса талапқа сәйкес еместік анықталып, 9,6 мың кемшіліктер (бұзушылықтар) анықталды. Орындалған жұмыстарды 2,5 млрд теңгеге қайта орналастыруға ұсынылды, оның 95% - ы ескертулер, яғни 2,4 млрд теңгеге кемшіліктер жойылды.
Бүгінгі күнге дейін күрделі күйінде қалып келе жатқан маңызды проблемалардың бірі – жол саласындағы қызметтердің қай-қайсысына да мамандар жетіспейді. Бұл бағытта биылдан бастап біз оқушылар арасында жол мамандығының артықшылықтарын насихаттап, кәсіби бағдар беру жұмыстарын қолға алдық. Қазір біз «1000 мектеп» науқанын аяқтадық. Төтенше жағдай кезінде де осынау маңызды шарамызды тоқтатпай, біз оны онлайн режимде жалғастырдық. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 7 391 мектептің 1153 мектебі қамтылып (15,6%) немесе шамамен 115 000 оқушы осындай игі шараға қамтылған – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбол Алманов.
 
Сондай-ақ мұндай игі шара жоғары оқу орындарында да үйлесімді жалғасып, жаз айларында 45 студентті ақылы тәжірибеге тартқан.
Олардың кейбірі осы күнге дейін бізбен тығыз бірлестіктегі жұмыстарын одан әрі жалғастырып келеді. Оның сыртында осы автомобиль жолдарына қатысты салалық жоғарғы оқу орындарымен байланысты да нығайта түсудеміз. Мысалы, Өскемендегі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университет және Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясымен әріптестік қатынасымыз көңілден шығуда. Студенттердің білімін арттыру үшін, «Ұлттық сапа орталығы» мамандары оларға онлайн режимде сабақ өткізуді жолға қойды – дейді ол.

Қоғамды ерекше мазалайтын мәселе – жол-көлік оқиғасынан қаза табатын адам санының азаймауы. Ішкі Істер министрлігі мәліметтеріне сәйкес, соңғы 5 жылда 86 мың жол-көлік оқиғасы орын алған, 11 мың адам қайтыс болып, 100 мың адам жарақат алған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша қайтыс болған адамдар көрсеткіші 100 000 адамға шаққанда 10,4 екен, ал Европа елдерінде бұл көрсеткіш 5,5.
Жол-көлік оқиғалары болуының бірнеше себептері бар. Ең негізгілері – адами фактор. Жылдамдықты асырып жіберу, бағдаршамға бағынбау, ішімдік ішіп алып рульге отыратындар аз емес. Соңғы уақытта телефон салдарынан орын алатын жол апаттарының да саны артып келеді. 

Өзгелердің жаңалығы