«Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті

15 Желтоқсан 2020, 12:05
1581
Бөлісу:
«Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасының сегізінші басылымын дайындады.

Баяндама соңғы ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік органдардың тиісті ресми статистикасын талдауға сүйене жасалған. Баяндама жалпы 6000 респондентті қамтыған 3 бұқаралық әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелеріне негізделген. 

Қазақстан жастары туралы ұлттық баяндамада 8 бөлім бар және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып, талқылау нәтижелері бойынша пысықталып, көпшілікке ұсынылмақ. Биыл COVID-19 коронавирустық инфекция әлемдік пандемиясының қазақстандық жастардың жағдайы мен тіршілігіне әсері зерттелгенін атап өткен жөн.

Ұлттық баяндама уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті практикалық ұсынымдар мен ұсыныстар дайындаған. Сарапшылар қауымдастығы, фокус-топтық зерттеулер негізінде нақты шаралар әзірленген. 

Ұлттық баяндаманың сараптамалық талқылауына қазақстандық сарапшылар – «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының негізін қалаушы әрі ғылыми кеңесші Б.И. Ракишева, саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі А.А. Сарым, BTS Education білім беру жобаларының жетекшісі С. Нұрбек, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры А. Чеботарев, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығының вице-президенті Ж.М. Сәбитов, сонымен қатар шетелдік сарапшылар – Питцер-колледжінің ұйымдастырушылық зерттеулер кафедрасының адъюнкт-профессоры Барбара Джунисбай (Калифорния, АҚШ), Назарбаев Университетінің доценті Каса Рита (Рига, Латвия) және т.б. қатысты. 

Ұлттық баяндама – бұл зерттеу тобының кешенді жұмысының және де әртүрлі саладағы мамандардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Құжаттың басты ерекшелігі – жастардың ұстанымдарын ескере отырып жасалғандығында. Жастардың пікірі – әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижесі. Сол нәтижеге сүйене қазақстандық жастардың өмірінің негізгі салаларындағы жағдайы зерттелді, біздің жастарымызды толғандыратын мәселелер айқындалып, шешу жолдары ұсынылды, жастар сферасын одан әрі дамытудың тенденциялары анықталды, - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі  Асхат Оралов.

BTS Education білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек қазақстандық жастар бойынша ұлттық баяндаманың қолданбалы аспектісіне назар аудару керегін атап өтті.

Айдос Сарымның пікірінше «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы – бірегей орталық, сондықтан оның негізінде қазақстандық жастардың мәселелері бойынша барлық зерттеулер жинақталатын ортақ платформа құру керек.

Өзгелердің жаңалығы