Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бір адамға шаққандағы көрсеткіші бойынша тұрғын үй құрылысы саласында ТМД-да бірінші орында.
Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.Елімізде пайдалануға берілген тұрғын үйдің бір тұрғынға шаққандағы көрсеткішісі 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл – ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіш. Аталған көрсеткіш:
Ресейде - 0,54 ш.м
Беларусьте - 0,40 ш.м
Өзбекстанда - 0,36 ш.м тең.
Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша дамыған елдердің деңгейіне жақындады. Мысалы Жапонияда баспана мәселесін қарқынды шешу кезеңінде жылына бір адамға 0,9-1 ш.м тұрғын үй тұрғызылса, АҚШ-та – 0,7-0,8 ш.м, Франция мен Германияда - 0,7 ш.м шамасында, ал Қытайда ұзақ уақыт бойына тұрғын үй құрылысы саласындағы белсенділік 1 ш.м деңгейінде болды, - делінген таратылған ақпаратта.
2020 жылдың 10 айында елімізде 94 737 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 34 535 жеке тұрғын үй. Салаға салынған мемлекеттік инвестициядан жеке инвестиция мөлшері 6 есе артық.