Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Сингапур Алматы облысындағы жаңа қаланы бірге дамытады. Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығында Премьер-министр Асқар Мамин G4 City жаңа шаһарын дамыту жоспарымен танысты, деп хабарлайды 24.kz.
Мегаполис Алматы – Қапшағай тас жолы бойында орналасады. Ол іскерлік және қаржы орталығы, медициналық, өнеркәсіптік және логистикалық хаб, туризм және ойын-сауық сынды төрт ауданнан тұрады. G4 City-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай салып, Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарда бар. 2050 жылға қарай мегаполис аумағында 2,2 млн адам тұрады деп болжанып отыр. 1 млн астам жұмыс орыны болады. Қазір магистралдық инженерлік желілер жүргізілген. «Қоянқұс» тұрғын ауданы салынып жатыр. 3,5 жыл ішінде кемінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар. Оның дамуымен Азиядағы сингапурлық ең ірі компания айналысады.Біз бұл жобаға ерекше мән беріп отырмыз. Осылайша мұнда жұмыс істеуге, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамақпыз. Бұл қалада 2 миллион адамға арналған тұрғын үйлер кешенін саламыз. Барлығын жұмыспен қамтимыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаға үлкен қолдау көрсетіп отыр, – деді SURBANA JURONG GROUP Бас директоры Вонг Хеанг Файн.